Қазақстандық, қытайлық, ресейлік және бірқатар шетелдік БАҚ-тардың өкілдеріне «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына 10 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді. ШЫҰ қызметін ақпараттандырудағы үлесі үшін «ҚазАқпарат» агенттігі құрметті наградамен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін ШЫҰ Бас хатшысы Д. Мезенцев бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымның дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.
Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы 2001 жылы маусым айында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан көшбасшыларымен құрылған өңірлік халықаралық ұйым.