ШЫҰ елдері алдағы 10 жылға даму жөніндегі Астана декларациясын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ елдері алдағы 10 жылға даму жөніндегі Астана декларациясын қабылдады

ШЫҰ елдері алдағы 10 жылға даму жөніндегі Астана декларациясын қабылдады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің басшылары алдағы 10 жылға даму жөніндегі Астана декларациясын қабылдады.

  • 15 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Отырыстың қорытындысы бойынша келесі құжаттар белгіленді: ұйымның өткен кезеңдегі қызметінің қорытындысын шығарып, жақын келешекке даму бағдарларын анықтайтын ШЫҰ 10 жылдығының Астана декларациясы», — деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары ШЫҰ елдерінің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдады. Бұл құжаттар есірткінің, барлық психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісімен, айналымымен және транзитімен күрестегі өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан басқа, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол елдердің байланыстарын нығайтып, тәжірибе алмасуы мен өзара қатынастарын дамытады.

«Бүгін ұйымның 10 жылдық кезеңдегі кең көлемді қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы уақытта даму перспективалары белгіленді. Отырыс барысында ұйымның жұмысына жоғары баға берілді, ол әлемдік қауіптер мен үндеулерге лайықты қарсы тұра алғаны айтылды. ШЫҰ 10 жылдың ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экономикалық даму мен өркениеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған көпжақты тиімді құрылымға айналды», — деді Н. Назарбаев.

Бұдан басқа, аймақтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасылды.

«ШЫҰ өз мерейтойын қарқынды дамушы, беделді халықаралық ұйым болып қарсы алды. Оның қызметінің үш құрамдасы – қауіпсіздік, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың теңдегімдігі ұйымның мықты жағы болып қалады. Отырысқа қатысушылар ШЫҰ-ның ролін алдағы уақытта арттыру керектігін, ШЫҰ әріптес-елдерінің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту керектігін айтты», — деді президент.

ШЫҰ-ға 6 мемлекет кіреді: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.

Соңғы жаңалықтар