ШЫҰ елдері Ұйымның жаңа мүшелерінің міндеттері туралы меморандум қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ елдері Ұйымның жаңа мүшелерінің міндеттері туралы меморандум қабылдады

ШЫҰ елдері Ұйымның жаңа мүшелерінің міндеттері туралы меморандум қабылдады

Астанада сәрсенбіде мерейтойлық саммиттің нәтижелері бойынша бірқатар құжаттар қабылданды, деп хабарлады сәрсенбіде Астанада "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Маусым 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz



Оның ішінде ШЫҰ-на мүше елдердің басшылары 2011-2016 жылдарға арналған Есірткіге қарсы күрес стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасын бекітті.
Сонымен қатар ШЫҰ-на мүше-мемлекет мәртебесін алу мақсатында өтініші беруші мемлекеттің міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылған.
Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілетті өкілдері денсаулық сақтау саласында ынтымақтасу туралы үкіметтер арасындағы келісімге қол қойды.
Сондай-ақ ШЫҰ хатшылығы мен БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармасы өз ара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.