ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді - Мәми - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді  - Мәми

ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді - Мәми

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне ықпалдастықтың консультативтік тәсілі мәртебесі берілді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Мамыр 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесінің жұмыс регламентіне қол қойдық, онда осы кеңестің мәртебесін айқындадық. Бұдан былай, регламент бекітілген соң ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесі осы органның консультативтік-кеңес механизмі болмақ», — деді Қ. Мәми.

«Регламент ШЫҰ елдері Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесін өткізу тәртібі мен процедурасын айқындайды», — деді Қ. Мәми.

Оның айтуынша, шараға қатысушылар бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес тараптар соттардың экологиялық және көші-қон заңнамаларын қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті. «Бұл аса маңызды, өйткені, бүгінде ол тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық ШЫҰ елдері үшін өзекті», -деді төраға.

«Астанадағы кездесу жоғары деңгейде өткізілді, үшінші кеңеске қатысушылардың арасында конструктивті пікір алмасылды», — деді Қ. Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті