ШЫҰ елдері Жоғарғы соттарының басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ елдері Жоғарғы соттарының басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

ШЫҰ елдері Жоғарғы соттарының басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

ШЫҰ мүше-мемлекеттері Жоғарғы соттары төрағаларының сындарлы, достық жағдайда және өзара түсіністік ахуалында өткен оныншы кеңесінің барысында тараптар сот төрелігін жүргізудің маңызды мәселелерін талқылады және ынтымақтастықты дамытудың одан әрі бағыттарын белгіледі.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz

Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми, Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық сотының судьясы Ху Юнтенг, Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының төрайымы Ф.З.Жамашева, РФ Жоғарғы сотының төрағасы В.М. Лебедев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Ш.Шохриен және Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы К.Тоғаев қол қойған бірлескен мәлімдеме қабылданды.

ШЫҰ мүше-мемлекеттері сот жүйесін дамытудың ортақ көзқарастарына сүйене, ұлттық және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен принциптерін негізге ала отырып, Кеңес қатысушылары мыналар туралы мәлімдейді:

1. ШЫҰ мүше-мемлекеттері Жоғарғы соттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту БҰҰ Жарғысы, ШЫҰ Хартиясы және «шанхай рухы» негізінде Ұйым ауқымында қабылданған басқа да шарттардың өзара сенім, теңдік, мәдениеттердің алуантүрлілігіне құрмет және бірлесе дамуға ұмтылыспен сипатталатын  мақсаттары мен принциптеріне сәйкес жүргізіледі.

2. ШЫҰ мүше-мемлекеттері  Жоғарғы соттары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды дамыту бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында ынтымақтастықты сақтауға және кеңейтуге жәрдемдеседі, өзара сенім, тату көршілік және достық деңгейін арттырады.

3. Кеңес қатысушылары судьялардың біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасты және ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, судьялардың және соттар қызметкерлерінің біліктілігі деңгейін арттыруға жәрдемдесетін өзара сапарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар өткізу, бірлескен оқу бағдарламаларын ұйымдастыру және тәжірибе алмасуды жүзеге асыру  практикасын жалғастыруға ниетті.


4. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Жоғарғы соттары ШЫҰ мүше-мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар негізінде адам саудасымен байланысты қылмыстармен тиімді күрес мақсатында ынтымақтастықты жалғастырады және одан әрі жетілдіріп, нығайта түседі.

5. Кеңеске қатысушылар өздерінің өкілеттіктері ауқымында халықаралық және мемлекетішілік құқықтың негізгі принциптері мен нормаларына сәйкес ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге зор маңыз береді.

6. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Жоғарғы соттары сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту және сот жүйелерін жаңғырту үшін қолайлы жағдай жасай, ақпараттық технологияларды қолдана отырып құқықтық көмек көрсету саласында тұрақты өзара іс-қимылға ниетті.

null

Соңғы жаңалықтар