Жарияланды: 490

ШЫҰ елдерінің үкіметтері арасында қол қойылған келісім денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша Ұйымға мүше елдердің өзара ынтымақтастығын әрі қарай белсенді етеді

Бүгін Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы,

сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымында бақылаушы елдер - Үндістан, Иран және Пәкістан өкілдерінің қатысуымен Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер мемлекет басшыларының мерейтойлық саммиті аясында бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге, оның ішінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы Келісімге қол қойылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мерейтойлық Саммит барысында тараптар аталған келісім денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұйымға мүше елдердің өзара ынтымақтастығын әрі қарай белсенді етіп, ШЫҰ кеңістігіндегі өзара іс-әрекеттестікке тың серпін беретініне сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін