ШЫҰ елдерінің ұлттық үйлестірушілері Пекинде Түркияға диалог және бірқатар ұйымдастыру мәселелері бойынша әріптес мәртебесін беруді талқылады
Пекинде Қырғызстанның төрағалығымен 24-25 желтоқсанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлектетердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. |
Кездесу барысында ШЫҰ елдері басшылар кеңесінің отырысын 2013 жылы Қырғызстанда өткізуге, ШЫҰ Хатшылығы қызметкерлерін кадрлық ауыстыру, Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне сыртқы аудит жүргізу, Түркияға ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесін беру туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды.
Қазақстан делегациясын ШЫҰ қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші, СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев басқарды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін