ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот басшылары Ташкентте кездесіп, тәжірибе алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот басшылары Ташкентте кездесіп, тәжірибе алмасты

ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот басшылары Ташкентте кездесіп, тәжірибе алмасты

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Жоғарғы сот төрағаларының кеңесі өтті, деп “Интерфакс” агенттігіне бүгін Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 20 Қазан 2011
  • 354
Фото - Caravan.kz

Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Жоғарғы сот басшылары қатысты. Кеңеске ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Әнуар Насыров және ШЫҰ Аймақтық антитеррористік құрылымның Атқару комитеті дириекторының орынбасары Вячеслав Қасымов қатысты.

Кеңес өзбек тарапының төрағалығымен өтті. “Кеңеске қатысушылар ШЫҰ елдерінің сот өндірісіндегі ымыраласу институтын енгізу бойынша ғылыми-практикалық тәжірибемен танысты, ШЫҰ елдерінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын ырықтандыру және гумандандыру саясатын біртіндеп дамытуға қаысты мәселелер талқылады”, — дейді баспасөз қызметі.
Делегация басшылары жоғарғы сот органдары арасынлағы өзара байланысты жалғастыру, нормативтік-құқықтық актілермен, соттық практика және ғылыми-практикалық сипаттағы ақпараттармен алмасу ниеттерін растады.
Қорытынды бойынша ШЫҰ елдері Жоғарғы сот төрағаларының алтыншы кеңесінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.
Келесі кеңес 2012 жылы Қытайда өтеді.

Перейти к новостям спорта