ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Астанада ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • 14 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатты ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотов бекітті.

Айта кетейік, бұл құжат есірткінің заңсыз айналымына, есірткіні пайдалануға, ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық лаңкестікке және басқа да қылмыс түрлеріне қарсы күрес бойынша ынтымақтастыққа негізделген.

Қол қоюы рәсімінен кейін М. Иманәлиев аталған меморандум бұл саладағы өзара тиімді іс-қимылды жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті. Мұның жергілікті ынтымақтастыққа негізделе отырып, осы есірткі қауіп-қатерінің алдын алуға әріптестікті кең жүйеде құру мақсатында іске асырылып отырғандығын жеткізді.

Өз кезегінде Ю. Федотов аталмыш меморандум ШЫҰ-ның 10 жылдық мерейтойы қарсаңында бекітілгенін айырықша ескеріп өтті. «Әрине, біз бұған дейінгі жылдары да өзара іс-қимылды жүйелі түрде іске асырдық. Енді біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр»,- деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ Есірткі және қылмыс бойынша басқармасы бүгінде Ауғанстан мен көршілес елдер үшін жаңа аймақтық бағдарламаны әзірлеуде. Бұл бағдарламада ШЫҰ-ға әріптес ретінде маңызды ынтымақтастық рөлі беріліп отыр. Яғни, бұл есірткі қауіп-қатерімен күресуге негізделген.

Соңғы жаңалықтар