ШЫҰ мен ТМД елдерінің бас прокурорлары Елордада бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ мен ТМД елдерінің бас прокурорлары Елордада бас қосты

ШЫҰ мен ТМД елдерінің бас прокурорлары Елордада бас қосты

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен ТМД елдерінің бас прокурорлары Астанаға жиналды. Елбасының қабылдауында болған прокурорлар халықаралық ұйым көлеміндегі заңдылық, қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелерін сөз етті.

  • 28 Тамыз 2015
  • 242
Фото - Caravan.kz

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев прокуратуралардың арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ лаңкестік, экстремизм және трансұлттық қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен тиімді шешімдер жасалмақ. Бірнеше мемлекеттің бас прокурорлары көзбе-көз кездесу арқылы бірқатар мәселелер осы жерде талқыланып, шешім қабылданады деген үміт бар. Айта кетерлігі осындай кездесулер ТМД көлемінде 25-ші рет, ал Шанхай ынтымақтастық ұйымының аумағында 13-ші рет өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар