ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің бас прокурорлары трансұлттық қылмыспен бірлесе күреспекші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің бас прокурорлары трансұлттық қылмыспен бірлесе күреспекші

ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің бас прокурорлары трансұлттық қылмыспен бірлесе күреспекші

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің бас прокурорлары сәрсенбі күні трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен бірлесе күресуге дайындығы туралы хаттамаға қол қойды, делінген осы кездесуге арнап ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарда.

  • 9 Маусым 2011
  • 634
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар терроризмді және экстремизмді қаржыландыру көздерінің бірі ретіндегі есірткі заттары мен қару-жарақтың контрабандасына, адам саудасына қарсы әрекет ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді шығу еліне қайтару мәселелері бойынша одан әрі өзара әрекеттің өзекті бағыттарын талқылады.

Форумға қатысушылар атап өткендей, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ШЫҰ алдында тұрған қазіргі заманғы стратегиялық міндеттер тұрғысында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен мәселелерді шешуде бас прокуратуралардың тиімді өзара әрекет етуі мен күштерін одан әрі шоғырландырудың өзектілігі артып келеді.

Осы мақсаттарда қадағалау органдарының басшылары жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беру туралы ақпарат алмасу арқылы есірткі заттары мен қару контрабандасына, адам саудасына, заңсыз көші-қонға және өңірдегі қылмыстардың басқа да түрлеріне күресті күшейту үшін барлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға өз ниеттерін растады.

Тараптар сондай-ақ терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес ісінде ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құрылымымен неғұрлым тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісімге келді. Бірлескен жұмыс террористік, экстремистік және сепаратистік қызметке қатысы бар адамдарды барлық тараптардың бақылауға алуы мүмкіндігін едәуір арттырады.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, есірткі бизнесіне және адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша ұстап беру және құқықтық көмек көрсету мәселелері өздерінің одан әрі дамуына бағыт алды және Бас прокурорлар бұл мәселелерді басым тәртіпте қарауға шарт жасасты.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді шығу еліне қайтару мәселелерін шешуде кеңеске қатысушылар мүдделілік танытты. Кірістерді жылыстатуға қарсы әрекет ету, сондай-ақ шығу еліндегі заңсыз активтерді қайтарудың келісілген рәсімдерінің тиімді құралдарын енгізудің заңсыз қаржылық тасқындарды тоқтатуда пәрменді құрал бола алатындығы да атап өтілді.

Прокурорлық қадағалау проблемаларын талқылау мақсатында халықаралық конференцияларда, көптарапты және екіжақты форумдарда прокурорлық қызметкерлердің кездесуін ұдайы негізде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық-талдау, ғылыми және өзге де материалдармен алмасу тұрақты мәнге ие болады.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселелерімен айналысатын прокурорлық қызметкерлерді даярлау бағдарламаларына кадрларды оқыту бойынша прокуратуралардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану одан әрі ынтымақтастықтың маңызды аспектілері ретінде атап өтілді.

Қойылған мәселелерді талқылау жемісті және нәтижелі болды. Отырыстың қорытындысы бойынша делегация трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске ШЫҰ мүше-мемлекеттер прокуратураларының ұжымдық күш-жігерін бағыттауға, ШЫҰ өңіріндегі тұрақтылықты және олардың гүлденуін сақтауда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге даяр екендіктерін растаған хаттамаға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар