ШЫҰ саммиті шеңберінде валюта себетінің перспективаларын талқылау жоспарланып отырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ саммиті шеңберінде валюта себетінің перспективаларын талқылау жоспарланып отырған жоқ

ШЫҰ саммиті шеңберінде валюта себетінің перспективаларын талқылау жоспарланып отырған жоқ

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) саммиті шеңберінде валюта себетінің перспективаларыталқыланбайды, деп мәлім етті ұйымның бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев.

  • 1 Маусым 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ шеңберінде «рубль/юань» валюталық жұбының перспективалары талқыланбайды. Біз ШЫҰ саммитінде доллардан «рубль/юань» жұбына ауысу мәселесіне көп назар аудармаймыз. Бұл мәселе 2009 жылы Бейжіңде талқыланған… Саммитте экономикалық ынтымақтастық, қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады», — деді М.Иманәлиев сәрсенбі күні бейне-баспасөз мәслихатында.

Ресей мен Қытайдың осы елдердің валюталарына тікелей бағамдауға ауысу тақырыбы 2009 жылдың басынан бері бірнеше рет көтерілді. Ресей банкінің ресейлік банктердің барлығына Қытайда юаньмен есепшоттар ашуға рұқсат беруі, ал Қытай банкінің шекаралас провинцияда тікелей бағам бойынша рубльмен ақшасыз есеп айырысуға рұқсат беруі алғашқы қадам болды. «Рубль/юань» жұбын сату жоспарланып отыр, бұл мүмкіндікті Мәскеудің банкаралық валюта биржасы қарастыруда.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары негізін қалаған аймақтық халықаралық ұйым.

ШЫҰ-ға 2010 жылдың 12 маусымынан 2011 жылдың 15 маусымына дейін Қазақстан төрағалық етеді.

ШЫҰ-ның саммиті жыл сайын өткізіледі, ұйымның мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар