ШЫҰ саммитіне дайындық мәселесі талқыланды
Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев маусым айында Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) саммитіне дайындық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. |
«ДмитрийМедведевҚазақстанпрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Қазақстанда (Астанада) маусым айының ортасында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) саммитіне дайындық мәселесі бойынша пікір алмасты», - делінген РФ президентінің ресми сайтындағы ақпаратта.
Кремльдің баспасөз қызметі әңгіменің қай тараптың бастамасы бойынша болғанын хабарламаған.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары негізін қалаған аймақтық халықаралық ұйым.
ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін