ШЫҰ саммитіне Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ саммитіне Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов келді

ШЫҰ саммитіне Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов келді

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің елбасыларының мерейтойлық саммитіне қатысуға Астанаға ұшып келді, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Астана халықаралық әуежайында оны ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов қарсы алды.

Сондай-ақ саммитке Үндістан сыртқы істер министрінің басшысы Малайя Кришна мен Моңғолияның президент әкімшілігінің жетекшісі Д. Баттулга келді. Бұл екі мемлекет те – Үндістан мен Моңғолия – ШЫҰ бақылаушы мемлекет болып табылады.

15 маусымда ұйымның құрылғанына он жыл толуына арналған ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті өтеді.

Самитте ШЫҰ онжылдық декларациясын қабылдау жоспарланған, онда ШЫҰ аясындағы алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленеді.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдау көзделген.

Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға және ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым.

Соңғы жаңалықтар