ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы Алматыда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы Алматыда өтеді

ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы Алматыда өтеді

Шілденің 10-ы күні Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің IV отырысы өтеді. Бұл туралы бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, жиында ШЫҰ Университетінің жетістіктері мен келешегі, ШЫҰ хатшылығында тәжірибеден өту, Ұйымға мүше мемлекеттер жастарының форумы және ШЫҰ инновациялық орталығына қатысты мәселелер сөз болады.

Қазақстан атынан жиынға «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев, СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев, Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Мәдияр Қожахмет пен «Қазақстанның жастар конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры Шахмардан Байманов қатысады.
Шара соңында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер жастар кеңесінің декларациясы қабылданады.

Соңғы жаңалықтар