Жарияланды: 370

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Иран Президенті елордаға келді

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Иран Президенті елордаға келді

15 маусым күні Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежад Қазақстанға келді.

Иран Президентінің ұшағы елорда әуежайына сағат 12:09-да келіп қонды. Мәртебелі мейман бастаған ирандық делегацияны Қазақстан тарапынан Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Байланыс және ақпарт министрі Асқар Жұмағалиев, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қарсы алды. Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер қатарына Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан мемлекеттері кіреді. Өткен жылы Ташкенттегі ШЫҰ саммитіне Иран Президенті қатысудан бас тартқан болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін