Иран Президентінің ұшағы елорда әуежайына сағат 12:09-да келіп қонды.
Мәртебелі мейман бастаған ирандық делегацияны Қазақстан тарапынан Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Байланыс және ақпарт министрі Асқар Жұмағалиев, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер қатарына Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан мемлекеттері кіреді. Өткен жылы Ташкенттегі ШЫҰ саммитіне Иран Президенті қатысудан бас тартқан болатын.