«Сібір жұлдыздарды жарқыратады» атты халықаралық байқауға барған Қарағанды облысы Самарқанд ауылының жас дарыны 2-орынды иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сібір жұлдыздарды жарқыратады» атты халықаралық байқауға барған Қарағанды облысы Самарқанд ауылының жас дарыны 2-орынды иеленді

«Сібір жұлдыздарды жарқыратады» атты халықаралық байқауға барған Қарағанды облысы Самарқанд ауылының жас дарыны 2-орынды иеленді

Новосібірде балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Сібір жұлдыздарды жарқыратады» атты халықаралық фестиваль-байқауына Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылынан барған Еркежан Мәдениетова 2-орынды еншіледі.

  • 22 Мамыр 2012
  • 667
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі хабарлады.

Еркежан «академиялық ән салу» аталымы бойынша 10-12 жас аралығында өнер көрсетті. Ол «Кел, көктем» әнін орындады. «Бұл аталым бойынша әртүрлі мемлекеттерден келген 300-ге жуық вокалшы қатысты», — деп атап өтті мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

«Сібір жұлдыздарды жарқыратады» фестиваль-байқауы үшінші рет «Дарындылар әлемі» балалар шығармашылығын дамыту және қолдау қорының ұйытқы болуымен өткізілді. Байқауға Ресей мен шет елдердің талантты өскіндері қатысты. Қазылар алқасының құрамына Мәске мен Санкт-Петербор қалаларының жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары мен академиктері, мәдениет саласындағы жетекші сарапшылар мен қызметкерлер кірді.

Жас дарынның халықаралық байқауға баруын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері қаржыландырды.

Перейти к новостям спорта