Иркутск пен Томск облыстарында жағдай барынша күрделі. Бурятия мен Краснояр өлкесінде өрт алаңы 5 мың шаршы метрден асты.
Жалын ошағы жетуі қиын тайгада болғандықтан, жағдай ушыға түсуде. Қосымша құтқарушылар күші жұмылдырылды. Олардың негізгі міндеті — жалыннан тұрғын үйлерді қорғау.
Түтін Мәскеуге дейін жетті. Түтін иісін қаланың бірнеше аудандарының (солтүстік батыс, солтүстік шығыс) тұрғындары сезінуде, деп жазды tvzvezda.ru.