СІМ Блинкеннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ Блинкеннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді

СІМ Блинкеннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді

Астана АҚШ-тың ресми жауабын күтіп отыр.

  • 22 Ақпан 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы америкалық тараптан растау күтетінін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Біз ресми растауды күтіп отырмыз. Хабар болғанда жариялаймыз. Америка тарапынан ресми растауды күтеміз", — деді Тілеуберді үкімет отырысында журналистің сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін БАҚ Астанада С5+1 форматындағы министрлердің жыл сайынғы кездесуі өтетінін, оған қатысу үшін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді деп хабарлаған болатын.