СІМ Челябі облысында құлдыққа түскен қазақстандыққа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ Челябі облысында құлдыққа түскен қазақстандыққа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр

СІМ Челябі облысында құлдыққа түскен қазақстандыққа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр

ҚР сыртқы істер министрлігі Ресейдің Челябі облысында ФСБ қызметкеріне құлдыққа түскен қазақстандыққа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдрахманов мәлім етті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Аталған мәселе Қазақстанның Омбыдағы консулының ерекше назарында. Ол Челябі облысының құқық қорғау органдарымен қатынасқа түсіп, тиісті сауал жолдады. Одан басқа, Омбыдағы Ресей СІМ-не нота тапсырылып, аталған іс бойынша құжаттарды толық беруін сұрады», — деді А. Әбдрахманов дүйсенбі күні журналистердің сауалына жауап беріп.

Бұрын БАҚ-тар хабарлағандай, Ресейдің УФСБ шекара бөлімінің прапорщигі 9 ай бойына қазақстандық Болатбек Тайшықовты тұтқында ұстаған.

38 жасар Қазақстан тумасы ФСБ қызметкерінде тұтқынға 2010-шы жылы түсіпті. Зардап шегушінің айтуынша, Челябинскінің түбіндегі фермерлік шаруашылықты тексеру барысында прапорщик Б. Тайшықовты машинаға күштеп отырғызып алып, Старые Кулевичи селосына апарып, онда қазақстандықты прапорщиктің туыстары жұмысқа салып қойған.

«Менің құжаттарым түгел дұрыс болатын, мигарциялық картам, жұмыс істеуге рұқсатым болатын. Бірақ шекарашы бұған мән бермеді. Ол мені ешнәрсеге қарамй алып кетті», — деді Б. Тайшықов журналистерге. Қазақстандықты әкелген селода оның құжаттарын алып қойып, енді сен құлсың деп жариялаған.

Бағынбаған, немесе тіл алмағаны үшін қазақстандықты аштан қатырып, соққыға жығып отырған. Ал тамақты тек аштан өліп қалмау үшін беріп отырған. Оны малға қарауға, бақшаны күтуге, жөндеу жұмыстарымен айналысуға мәжбүрлеген.

Б. Тайшықовтың айтуынша, оның қашуына кездейсоқтық көмек болған. ФСБ прапорщигіне қатысты тексеру басталды, бірақ әскерилер оған қатысты ешқандай да бұзушылықты таппапты. «Тексеріс барысында Ресейдің Челябі облысы бойынша ФСБ басқармасының Варна селосындағы шекара бөлімінің қызметкерінің аталған қылмысқа қатыстылығы анықталған жоқ», — деп гарнизонның 308-ші әскери прокуратурасының әскери прокуроры Вадим Ильяшко мәлім етті. Зардап шегушінің шағымы азаматтық прокуратураға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар