Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа қазірге дейінгі мәлімет бойынша, Грекиядағы су тасқынынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоғын хабарлады. "Қазірге дейін Қазақстан елшілігінің консулына су тасқынынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бары туралы мәлімет түскен жоқ" деді министрліктің баспасөз қызметі.