Сингапурдың кәсіптік-техникалық білім саласындағы тәжірибесі Қазақстанда қолға алынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сингапурдың кәсіптік-техникалық білім саласындағы тәжірибесі Қазақстанда қолға алынуы мүмкін

Сингапурдың кәсіптік-техникалық білім саласындағы тәжірибесі Қазақстанда қолға алынуы мүмкін

Министр Бақытжан Жұмағұлов бастаған Білім және ғылым министрлігінің делегациясы Сингапурде жұмыс сапарымен жүр,

  • 2 Маусым 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Министр сапарының басты мақсаты — Сингапурдың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы бірегей тәжірибесімен танысу болып табылады», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстандық делегацияның сапары Сингапурдың білім министрі Хенг Суи Китпен болған кездесуден басталды. Екі елдің ынтымақтастығына жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екендерін білдірген министрлер, осынау қарым-қатынастың табысты болатындығына сенім артты.

Қазақстандық делегация сондай-ақ Наньянг технологиялық университетінде болып, оқу орнының басшылығымен кездесті, өнеркәсіппен және жаңашыл инфрақұрылыммен кең байланыс орнатқан әлемдік деңгейдегі «Темасек политекник» колледжінде болды.

Қазақстандық делегацияның сапары ертең, жұма күні де жалғасады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білімді әрі қарай түрлендіру жөніндегі ұсыныс-кеңестер әзірленбек. Делегация мүшелерінің атап көрсетуінше, Сингапурдың осы саладағы оң тәжірибесі біздің елімізде қолға алынуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар