Синоптиктер 24 мамырға ауа райы болжамын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер 24 мамырға ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер 24 мамырға ауа райы болжамын жасады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батысың кей жерлерінде тұман байқалады.

  • 24 Мамыр 2017
  • 288
Фото - Caravan.kz


"Қазгидромет" бүгінгі ауа райына осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.

Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді,  кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысында жел 17-22 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.