Ведомство ақпарына сүйенсек, қарашаның 12-сінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 12-қараша күні күндіз және 13-қарашада Алматы қаласы, Алматы мен Жамбыл облыстарында жауын-шашын жауады деп ескертті. Кей жерлерге қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Сонымен қатар, бүгін күндіз және ертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Желдің күші секундына 17-22 метрге жетпек.