Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
«2024 жылғы 3 шілдеде Ақтөбе, Атырау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.