Бұл туралы "Қазгидромет" ақпаратына сүйеніп, Caravan.kz хабарлады.
Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады, түнде және таңертең тұман бақыланады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.
Астана қ : көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14,күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +3+5°С, күндіз +21+23°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.