Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер 2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • 6 Қаңтар 2017
  • 571
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Тропосферада (шамамен 5 шақырым биіктікте) орныққан оңтүстік-батыс ағынымен Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде. Бақыланып отырған ауа температурасы — климаттық нормадан 8-15 градусқа жоғары. Жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды. Сондай-ақ, республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілуде", — деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.


 

Перейти к новостям спорта