Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«2025 жылғы 14 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қалаcында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Мұндай кезде қала тұрғындары, әсіресе тас жолдар немесе басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада жүретін уақытты азайтқаны жөн. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге ала жүруі тиіс.