"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, 22 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
"Орал қаласында 22 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр болады", — деп ескертті мамандар.
Сонымен қатар, бүгін, 22 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтау қаласында 22 сәуір түнде және күндіз тұман түседі.