Синоптиктер қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болатынын айтты

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, республиканың оңтүстік-батысында ғана қар мен жаңбыр жаууы мүмкін

  • 1 Желтоқсан 2019
  • 80
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің болжамынша, 1 желтоқсанда республиканың басым аумағында тұман, көктайғақ болады, бұрқасындатады, жел күшейеді. Тек оңтүстік-батыста ғана жауын-шашын күтіледі.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында түнде тұман түсуі мүмкін, Алакөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында кей аймақтарда – тұман, көктайғақ, қатты жел.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да кей жерлерде көктайғақ, бұрқасындатады, жел тұрады. Батыс Қазақстанның кейбір аудандарында тұман түседі.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар, Ақмола, ал күндіз Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі.


Ірі қалалардағы ауа райы

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда күн ашық. Түнде -17°C, күндіз -8°C. 3-5 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда да күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде -5°C, күндіз 0°C шамасында болады.

Шымкентте күн жылы әрі ашық. Түнде -2°C, ал күндіз +13°C.

 

Соңғы жаңалықтар