Республикамызда өткен тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 2,7 градус жоғары болды. Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бірақ ең жоғары ауа температурасы 28…37 градус болады.
Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында Батыс Азиядан өте ыстық ауа келеді, сондықтан осында өте ыстық болып, күндізгі ауа температурасы 32…41 градус жылыға дейін көтеріледі. Сондықтан Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары болып сақталады.