Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік күтіледі.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ : аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.