Синтетикалық есірткі затын тасымалдау арнасы жойылды
Синтетикалық есірткі затын (Экстази) тасымалдау арнасы жойылды. Бұл жайында ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған. |
«Астана қаласында ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында синтетикалық есірткі затын тасымалдау арнасының жолын кесті. Есірткі тасымалдаумен айналысқан астаналық үш тұрғын ұсталынды. Қазіргі уақытта күдіктілер тұтқынға алынды», - делінген осы мәліметтерде. Атап айтқанда, есірткі сату фактісі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін