Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Сирек кездесетін ауруға шалдыққан алматылықтарға қажетті дәрі сатып алуға қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныс айтылды. Бұған жыл басынан бері муковисцидоз және сал ауруына шалдыққан 1357 адамға 1 млрд 42 млн теңгенің дәрісі сатылып алынды. Енді мәслихатқа тегін дәрі берілетін сирек кездесетін аурулардың санын арттыру туралы ұсыныс айтып жатырмын. Метастатикалық меланома, жүйелі қызыл жегі, созылмалы лимфолейкоз, склероз дерттерімен ауыратын адамдарды емдеуге қосымша 130 млн теңге бөлінді», — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков.
Аталған сырқаттарды емдеуге қажетті дәрі тек жергілікті бюджет есебінен сатылып алынады.
Мәслихат депутаттары ҚР ДСМ бекіткен тізімге кірмей қалған науқастарға да материалды көмек керектігін ескеріп, қаржы бөлу туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.