Сирия Үкіметі Құрбан айт кезінде соғыспайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирия Үкіметі Құрбан айт кезінде соғыспайтын болды

Сирия Үкіметі Құрбан айт кезінде соғыспайтын болды

Сириялық қақтығысты реттеуші халықаралық делдал Лахдар Брахими (Lakhdar Brahimi) 24 қазанда

  • 25 Қазан 2012
  • 319
Фото - Caravan.kz

ресми Дамасктың Құрбан айт күндерінде көтерілісшілермен қақтығысқа түспейтіндігін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап, Лента.ру жазады.

Сириялық Үкімет Құрбан айттың 3 күнінде де олар тарапынан ешбір оқ атылмайтындығын баса айтқан.

Брахимидің айтуынша, мұндай мәлімдемені Сирия басшылары оның Дамаскіге арнайы сапары кезінде жасаған.

Сонымен қатар, оның айтуынша, көтерілісшілердің де көсемдері осынау ұлық мерекеде қан төкпеуге бел байлапты. Бұрынырақ Сирияның солтүстік аудандарындағы көтерілісшілер биліктің бұл мәлімдемесіне сенімсіздікпен қарап, бұл олардың жасап отырған кезекті қақпаны болуы мүмкін деген болатын.

Тіпті кейбір көтерілісшілер Брахимиге бейбітшілік миссиясының нәтижесі жоқтығын айтып, қызметінен кетуін талап еткен еді. Дегенмен, дипломат бұл кеңеске құлақ аспай, өз жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Ең соңғы деректер бойынша, Сирияның сыртқы істер министрлігі Брахимидің шешім шығаруда сәл асығыстық жасағанын, үш күндік келісімнің әлі де болса қабылдана қоймағандығын жариялады. Дамаск бұл шешімнің қорытындысын бүгін, яғни 25 қазанда айтатындығын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар