Сирияның Ракка қаласында әуе соққылары салдарынан ДАИШ (ИМ) ұйымының (ҚР аумағында қызметіне тыйым салынған ұйым) ақпарат министрі Ваиль Әділ Салман әл-Фуйяд өлтірілді, — деп хабарлайды Qamshy.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
«Доктор Ваиль» деген лақап атпен танымал Ваиль Әділ Салман әл-Фуйяд үгіт-насихат мазмұнындағы видеолар әзірлеуге жауапты болған. Пентагон таратқан мәліметке сай, әуе соққысы 7 қыркүйек күні жасалған. БАҚ Фуйядтың бұған дейін өлтірілген ДАИШ баспасөз хатшысы Әбу-Мұхаммед әл-Аднанидің серіктесі болғанын жазуда. «ДАИШ-тың лауазымды жетекшілерінің өлтірілуі аумақты ұстап тұру мүмкіндігін азайтып, олардың жаңа шабуылдар жоспарлауынағ аймақ ішінде және одан тыс жерлерде шабуылдар жасауына тосқауыл болады», — деп мәлімдеді Пентагон өкілі Питер Кук. Бұған дейін өлтірілген Аднани деген ДАИШ белсендісінің Ақтөбеде теракт жасаған содырларға аудиоүндеу жасағаны хабарланған болатын. «Қамшы» сілтейді