Сирияда қаза болған ресейлік ұшқыш оқыған қазақстандық мектепте қаралы митинг өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда қаза болған ресейлік ұшқыш оқыған қазақстандық мектепте қаралы митинг өтеді

Сирияда қаза болған ресейлік ұшқыш оқыған қазақстандық мектепте қаралы митинг өтеді

Өскеменде N29 мектепте Сирия аумағы үстінде түрік жойғыштары атып түсірген тікұшақта болған ресейлік ұшқыш Олег Пешковты еске алуға арналған митинг өтеді.

  • 26 Қараша 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz


"Ресейлік СУ-24 тікұшағының ұшқышы Олег Пешков біздің жерлесіміз болып шықты, ертең сағат онда мектепте оның құрметіне арналған митингі өтеді», деді бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" N29 мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Елена Лукина.
Оның айтуынша О.Пешков 1977 жылдан бері Өскеменде тұрып, сол мектепте тоғызыншы сыныпқа дейін оқыған, 1985 жылы Суворов әскери училищесіне оқуға түскен. Харьков авиация мектебін тәмамдаған. Соңғы кезге дейін отбасымен Липецкіде тұрып келген.
24 қараша күні ИГ қарсы операция барысында оның тікұшағын Сирия аумағы үстінде түрік F-16 тікұшағы құлатқан. Подполковник О.Пешков парашютпен жерге түсетін сәтте содырлардың оғынан қаза болған.
Ресей президентінің жарлығына орай О.Пешковқа өлген соң Ресей батыры атағы берілген.

Соңғы жаңалықтар