Ресейдің Қарулы күш бас штабы ресейлік шабуылдаушылар Эль-Баб ауданында әскери тапсырманы орындау барысында түрік сарбаздары орналасқан үйге байқаусызда шабуыл жасады деп мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оқиғаға байланысты көңіл айтқан.
Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Сирияда "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы шабуылды күшейтуге келіскен.