Сириядағы Ислам мемлекеті жасағына қосылмақ болған және қазақстандықтарды жиһадқа үндеген жас жігіттерге үкім кесті.
Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталғандардың біреуі кәмелет жасына толмаған. Олардың әр қайсысына 5 жылдан жаза кесілді.
Бірі жазасын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде, екіншісі тәрбиелеу колониясында өтейді.
Хабарламаға сүйенсек, сотталушылар кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар, Ислам мемлекеті содырларымен байланыс орнатып, сол жаққа кетпек болғанын да растапты.