Сириядағы жүрек шымырлатар көрініс: қаза тапқан қос перзентін құшақтап жылаған әке - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы жүрек шымырлатар көрініс: қаза тапқан қос перзентін құшақтап жылаған әке

Сириядағы жүрек шымырлатар көрініс: қаза тапқан қос перзентін құшақтап жылаған әке

Жүрек шымырлатар бейнекөріністе ер адам өліп қалған екі кішкентай қызын құшақтап, жылап отыр. Бұл - Сириядағы химиялық шабуылдан кейін осы елде жаппай болып жатқан жағдай.

  • 6 Сәуiр 2017
  • 18654
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ашық ақпарат көздеріне сүйеніп, Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен сейсенбіде Сирияда химиялық шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, осының салдарынан 100 адам қаза тауып, 300 тұрғын зардап шеккен. Қаза тапқандардың көбі — балалар. Батыс елдерінің өкілдері бұл шабуылға Сириядағы Башар Асадтың билігі және Ресей мен Иран жауапты деп отыр. Бірақ ресми Мәскеу мен Шам БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бұл айыптауды теріске шығарды. Тіпті Ресей тарапы Сириядағы химиялық шабуылдың видеолары арандату үшін арнайы қойылым арқылы түсірілген дейді.


Соңғы жаңалықтар