Тәжікстанның Соғды облысында ДАИШ террористік тобына қосылмақ болды деген айыппен 71 жастағы әйел ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, Соғды облыстық соты Исфар ауданда тұратын отбасы мүшелерін "террористік ұйымға қосылмақ болды" деген айыппен кінәлі деп тапты.
71 жастағы Мавлюда Насриддинова 12 жылға, оның 47 жастағы ұлы Баходур Насриддинов 17 жылға, 25 жастағы ұлы Хайдархон Насриддинов пен күйеу баласы Насруллохон Абдувалиев (Фарзона Насриддинованың күйеуі) 12,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал Фарзона Насриддинова мен отбасының жақын туыстары Шохина және Мушохирахон Нуриллаевтар 12 жылға сотталған.
Отбасының екі мүшесі 16 жастағы Маьрифат Насриддинова кәмелеттік жасқа толмауына байланысты және 24 жастағы Шохида Нуриллаеваның ақыл-есінің кемдігіне байланысты жазадан босатылған.
Тергеушілердің айтуынша, бір отбасындағы 29 адам Сирияға үш шағын автобуспен кеткен. Екі автобустың жолаушылары Түркия мен Сирия шекарасынан өтіп кеткен. Ал үшіншісі автобустағы тоғыз адам шекарада ұсталған.
Сот барысында олар Сирияға "жихадқа" бармақ болғанын мойындаған. Тәжікстанда діни бостандықтарына ткөп тыйым салынғанын айтқан.
Оқи отырыңыз:
Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ
ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады