Caravan Logo

Сириялық оппозиция қазан айының басында Астанада тағы бас қосады

Сириялық оппозиция қазан айының басында Астанада тағы бас қосады


     Бұл туралы оппозициялық Плюралистік қоғам үшін қозғалысы жетекшісі Ранда Кассис хабарлады.
«Қыркүйектің соңы мен қазанның басында, шамамен 30-қыркүйек пен 3-қазан аралығында Астанадағы келіссөздердің екінші раунды өтеді», - деп мәлімдеді ол бейсенбі күні. 
Айтуынша, аталған кездесуге ресми Дамаск өкілдері қатыспайды.
«Бірінші кездесуге қатысқандардың басым бөлігі – Сириядағы саяси қозғалыстар мен АҚШ, Еуропа елдері, Түркия сынды елдердің өкілдері, барлығы 40-60 адам қатысады», - деді ол.