Сириялық оппозия өз көшбасшысын таңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириялық оппозия өз көшбасшысын таңдады

Сириялық оппозия өз көшбасшысын таңдады

Осы күндері Катар астанасы Дохада сириялық оппозиция өкілдерінің кездесуі аяқталуға жақын.

  • 11 Қараша 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Онда Сирияның қазіргі президенті Башар Асад қарсыластарының барлығын бір құрылымға біріктіру перспективасы талқылануда.

Оппозицияның негізгі ұйымы Сирия ұлттық кеңесі (СҰК) Сирия христиандық күштерінің өкілі Джордж Сабраны көшбасшы болғандығын жариялап та үлгерді. Сайланған тұлға таяу алты ай бойы оппозицияға басшылық жасайды деп жоспарланған.

Дж.Сабра Сирия ұлттық кеңесінің бас хатшысы болып сайлау нәтижесінде таңдап алынды. Оған 48 дауыстың 28-і берілген болатын. Сирия оппоциясының атқарушы органына 11 мүше сайланды, олардың қатарында бұған дейін СҰК-нің төрағасы болған Абдулвасет Сида да кіріп отыр.

Араб БАҚ-тарының хабарлауынша, Дж.Сабра соңғы уақытта Түркияны тұрақты мекен еткен. Ол көрнекті сириялық диссидент саналады, саяси көзқарасына байланысты бірнеше мәрте Сирия түрмелерінде отырған.

Соңғы жаңалықтар