Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
— Сиви өзіңді кімге керекпін деп ойлайсың?
-Әрине мен ата-анама, отбасыма, бала-шағама, еліме керекпін. Таңертең тұрғанда мен біреуге керек екендігімді сезініп тұрамын. Содан күш аламын, мотивация алмын.Шүкір.
-Соңғы рет жолдасыңды қалай таң қалдырдың? немесе сені жолдасың?
— Шынымды айтсам жолдасым мені таң қалдырудан шаршамайды. Оны әлеуметтік желідегі оқырмандарымда біледі.Таңертең тұрсам, көйлек алып қойып қуантады. Себепсіз роза гүлдерімен қуантады шүкір. Отбасы болғаннан кейін ыдыс сылдырламай тұрмайды ғой әрине. Осыдан жарты жыл бұрын ренжісіп қалған болатынбыз. Сол кезде көлік сыйлады. Алып бермеймін деп жүрген көлік еді ренжіскеннен соң сыйлық ретінде үйге әкеп қойыпты. Содан кейін қалай жібімейсің.
— Сиви Махмудди не себепті өзінің продюсерлік жұмысынан бас тартты?
— Шынымды айтсам продюсерлік жұмыстың ішкі кухнясы өте ауыр, Көбі біле бермейді. Бірақ мен "Саламат" тобына кеткен уақытым мен еңбегіме құйған қаражатыма өкінемін. Бағаланбаған уақыттарым мен еңбегім. Бірақ оныңда өз жақсы жағы бар. Маған сабақ болды.
— Сиви Махмуддидың шын мәніндегі ұлты өзбек пе?
— Шынымды айтсам, кішкентайымнан Өзбекстанда жүрдім, сонда өнер көрсеттім, Бәрі айтады өзбек деп, бірақ мен ешқашан өзбектігімді көрсетпегенмін. Мен әрқашан қазақилығымды, тазалығымды көрсеттім. Мәрттігімді көрсеттім.