Жарияланды: 440

Сиви Махмуди: Ақбота Керімбекованың тыңдайтын әні жоқ

Сиви Махмуди: Ақбота Керімбекованың тыңдайтын әні жоқ Сурет - 365info.kz

Сиви Махмұди өзін әнші емес деген Ақбота Керімбековаға еш ренжімейді. Өзгелердің пікірі маған әсер етпейді дейді. Тіпті Керімбекованың өзінің тыңдайтын әні жоқ деп сынға алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сиви ханым Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әні жоқ деп отыр. Себебі жұмыс істемейді. Бұрынғы шыққан 1-2 әні ғана бар деген ойын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын айтқан еді. Бұл пікірі Сивиге ұнамағаны рас. Оған жауап та беріп үлгерді.  

"Ақбота әпкеге рахмет айтамын. Сондай әншінің мен туралы айтқанының өзі үлкен мәртебе. Мен ешкім болмасам, мен туралы айтпас еді. Ол кісі әнші емес деп айтты деп мен әнші болмай қалмаймын. Мен өзіндік даусы бар әншімін. Басқалар секілді өзгенің даусымен ән айтып жүрген жоқпын. Халық менің даусымды ұнатады. Желіде пікір жазып жатады. Барлық кезде өз даусыммен ән айта алатын, одан қашпайтын адаммын. Өзімді әншімін деп есептеймін", - деді Сиви. 

Айтуынша, Керімбекова шығармашылығына көп көңіл бөлмейді. Тыңдауға лайық әні жоқ. 

"Ақбота Керімбекова жақсы әнші. Даусы бар. Бірақ тыңдайтын әні жоқ. Бұрын бір-екі әнін тыңдап жүргенбіз. Қазір жұмыс жасамайды. Мен де жұмыс жасамаймын. Мен үш баламен үйде отырған адаммын. Үйде отырған адамды осылай сынаудың өзі дұрыс емес", - деді Сиви Махмұди. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін