Өмір өкіндірсе де,
Артқа шегіндірсе де
Тоқтамай, жүрші тек алға!
Алда бақыттың әлі
Саған күліп тұр әне
Тоқтамай, жүрші тек алға!
Қайырмасы:
Тағдыр сынап тұрса да,
Жүрегің жылап тұрса да,
Өмір жалғасын табар, өкінбе.
Арман мың алдаса да,
Бақыт жырақ қалса да
Өкінбе, берілме, жеңілме.
Өмір мұны өмір дейді, досым
Жалған арбаса да мұң,
Арман алға басады
Тоқтамай, жүрші тек алға!
Көзің жасқа толса да,
Жаның жаралы болса да
Тоқтамай, жүрші тек алға!
Қайырмасы: