"Сиыр сипағанды білмейді": Украин әскерін жамандаған орыс әйел қонақ үйден қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сиыр сипағанды білмейді":  Украин әскерін жамандаған орыс әйел қонақ үйден қуылды

"Сиыр сипағанды білмейді": Украин әскерін жамандаған орыс әйел қонақ үйден қуылды

Польшадағы Hilton қонақ үйіне орналасқан орыс әйел Харьковты украин әскерлерінің өздері бомбылап жатқанын айтып үгіт-насихат жасаған. 

  • 6 Сәуiр 2022
  • 996
Фото - Caravan.kz

Оның бұл сөздерін естіген қонақ үй қожайыны ресейлікті қуып жіберді. Аталған видео желіге лезде тарап  кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

«Міне, Польшада орыс әлемінен осылай құтылып жатырмыз. Мәдениет. Сондықтан Еуропа қабылдамайды. Тіпті Израиль мұндай адамдарды қабылдамайды. Сендерді осындай орыс әлемімен ешқандай ел қабылдамайды. Біз парасатты адамдарға көмектесеміз»- деді қонақ үй қожайыны.

Видеоны түсірген адамның  айтуынша, күйеуі әлгі әйелді өз ақшасына консулдарға апарып, көмек көрсеткен. Қонақ үйге жатқызған. Жақсылықты түсінбеген орыс әйелі украин халқын қарғап-сілем, қонақ үйді шулатты.

Тіпті қонақ үй иесіне «Сен ауызыңды жабасын ба, жаппайсын ба, тышқан?»- деп жауап қайтарды.


«Мынадай адамнан Құдай сақтасын»,  "Сиыр сипағанды білмейді деген осы", «Дұрыс жасаған екен, жарайсыңдар. Жұмыстарын осылай істеу керек. Сол керек өзіне»- деп желі қолданушылар поляк халқына ризашылығын білдірді.

https://www.facebook.com/bajazly/videos/660474578566967