Сaravan.kz медиа порталы назарларыңызға 5 үздік отандық фильмді назарларыңызға ұсынады.
Анаға апарар жол
Ақан Сатаевтың көркем драмалық фильмі.
«Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.
Құнанбай
2015 жылы жарыққа шыққан фильм.
«Құнанбай» фильмі атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды.
Фильмнің режиссері әрі басты рөлді сомдаған Досхан Жолжақсынов.
Брат или брак
Комедиялық жанрда түсірілген отандық фильм. Актриса Құралай Анарбекованың продюсер ретіндегі алғашқы туындысы.
Фильм сипаттамасы: Әрбір адамның әлсіз тұсы болады. Бас кейіпкер Гаухардың ең әлсіз тұсы ол — ағалары. Ағалары Гаухарды жақсы көретіндері соншалық, оның тұрмыс құруына жол бермейді. Гаухардың құлай сүйіп қалған Айдар, барлық қиындықтан өте ала ма?
Басты рөлдерде: Құралай Анарбекова, Дәурен Сейітжанов
Бизнес по казахски
Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлігімен түсірілген туынды. Бизнестің қыр сыры суреттелетін фильм еліміздегі ең үздік отандық фильмге айналды. Қазіргі таңда "Бизнес по казахский" фильмінің 3 маусымы түсіріліп жатыр.
Фильмнің режиссері Жеңісхан Момышев.
Алтыншы бекет
Фильм осыдан сегіз жыл бұрын әскерде өз борышын өтеп жүрген Ербол Отарбаев туралы. Өзі қарауылдайтын Ақтаудағы түрмеден 21 жазасын өтеуші қашпақ болады. Ербол Отарбаев жалғыз өзі сол 21-ге қарсы тұрады. Мұндай ерлікке екінің бірі бармасы анық, әрине. Біріншіден, түрмеде отырған адамдар – бұрынғы қылмыскерлер. Және олардың барлығы – діни экстремизмге қатысы барлар. Жауынгердің ерлігін насихаттай отырып, нағыз патротизм, қайсарлық пен өжеттікті дәріптейтін үздік фильм.