Сіздерді айтулы мереке – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сіздерді айтулы мереке – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді айтулы мереке – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымыз үшін бұл жәй ғана музыкалық аспап емес, домбыра қазақ халқының жан серігі, рухани азығы, тарих пен дамудың куәсі, мәдени құндылығымыз.

  • 7 Шiлде
  • 10
Фото - Caravan.kz

Қадымнан қазірге дейін домбыра қазақтың музыкалық мәдениетінің символы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, елімізде бірде-бір маңызды іс-шара домбырасыз өтпейді. Жыл санап домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп, сан түрлі халықаралық байқау, фестивальге қатысып, бүкіл әлемге ұлттық аспаптың абыройын асқақтатып келеді.

Бабадан балаға мирас болған асыл қазынаны дәріптейтін бұл мереке ырыс-құт, бақ-береке, баянды бақыт әкелсін!